10 маусым: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

10 маусым: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

10 маусым: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1934 жылы 10 маусымда Алматыда халық өнері өкілдерінің бірінші бүкілқазақстандық слеті өтті. Маусымның 15-іне дейін жалғасқан слетке Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі секілді ақындар қатысты. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 10 маусым 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап елорда күні 6 шілдеде мерекеленеді. Еске салайық, 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанда Отан қорғаушылар монументінің іргетасын қалады. Монументтің ресми ашылуы 2001 жылдың 9 мамыр күні өтті. 2004 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ресми ашылуы өтті. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуіріндегі № 461 қаулысымен құрылды. Басты мақсат - елорданың ақпараттық, білім беру және мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын одан әрі дамыту. 2005 жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясында орган залының ашылу салтанаты өтті. 2010 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ашылды. 2011 жылы Халықаралық көрме бюросының Париждегі штаб-пәтерінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, Астана кандидатурасын ұсыну бойынша ұлттық үйлестіруші Рәпіл Жошыбаев 2017 жылы ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы өтінім берді. 2015 жылы Астанада Бiрiккен Ұлттар Ұйымы өкілдігінің жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов қатысты. БҰҰ-ның 8 мекемесі орналасатын алты қабатты ғимарат елордадағы Әлихан Бөкейхан көшесінде орналасқан. 2015 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Нәтижесінде биосфералық қорықтардың дүниежүзілік тізіміне Ақсу-Жабағылы (Қазақстан) қорығы енген болатын. 2017 жылы Астанада Люксембург Ұлы Герцогтігі консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. 2017 жылы Италия Республикасының Тәуелсіздік күнінде қазақстандық опера әншісі Батыржан Смақов Фано қаласындағы «Театро делла Фортуна» тарихи театрында жеке концертін берді. 2018 жылы Германияның Берлин қаласында паражүзуден әлем кубогы өтті. Сайысқа 55 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Онда Қазақстан құрама командасы 13 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды. 2019 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауының аяқталуына байланысты отандастарына үндеу жариялап, онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталатын сайлауалды бағдарламасынан көрініс тапқан болашаққа нақты әрі сындарлы көзқарасының негізінде жеңіске жеткені атап өтілді. Аталмыш бағдарламада Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты, сондай-ақ экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған. Бағдарлама Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады.