Майя Бекбаева ҚХА-ның ресми өкілі атанды

Майя Бекбаева ҚХА-ның ресми өкілі атанды

Майя Бекбаева ҚХА-ның ресми өкілі атанды
ашық дереккөзі
Қазақстан халқы Ассамблеясында ҚХА-ның ресми өкілі тағайындалды. ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның ресми өкілін тағайындау не үшін қажет болғанын түсіндірді. «Ассамблеяның бірыңғай ресми ұстанымы айтылуы қажет мәселелер жиі туындап жатады. Ассамблея құрамына ресми түрде кіру барлық өзекті және қоғамдық мәселелер бойынша ресми ұстанымды білдіруге мүмкіндік береді», – деді ол ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында. Бұл міндет ҚХА Журналистер клубының төрағасы Майя Бекбаевқа жүктелетін болды. «Кәсіби журналист Майя Төлегенқызы БАҚ жұмысын, сондай-ақ этносаралық қатынастар тақырыбын жария етудің ерекшеліктерін жақсы біледі», – деді Марат Әзілханов.