"Халық азық-түлікті несиеге ала бастады". Мұхтар Тайжан экономика министрін сынға алды

"Халық азық-түлікті несиеге ала бастады". Мұхтар Тайжан экономика министрін сынға алды

"Халық азық-түлікті несиеге ала бастады". Мұхтар Тайжан экономика министрін сынға алды
ашық дереккөзі
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан халықтың кедейлікке батып бара жатқанын айтып, экономика министрінің жұмысын сынға алды. Бұл туралы ол facebook-тегі парақшасында жазды.
"Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар тамақ сатып алу үшін кредит алып отыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке және кредитке батып қалды. Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ. Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас.." - деді ол жазбасында.