Ақмола облысында қызын құтқарамын деген әйел суға батып кетті

Ақмола облысында қызын құтқарамын деген әйел суға батып кетті

Ақмола облысында қызын құтқарамын деген әйел суға батып кетті
ашық дереккөзі
Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының 43 жастағы тұрғыны қызын құтқарамын деп өзі суға батып кетті. Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, жазатайым оқиға 8 маусым күні сағат 13:00-де Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында Нұра өзенінде балық аулау кезінде орын алған. «Өзен жағасында жүргенде қызы анасынан рұқсат сұрап, суға шомылмақшы болады. Алайда, судың ағысы қызды алып кетеді. Мұны көрген анасы қызын құтқаруға ұмтылған, бірақ қатты ағын салдарынан 43 жастағы әйелдің өзі суға батып кетті», деді ведомстводан.