Үйлену тойында оқ атқан ер адам жазаланды

Үйлену тойында оқ атқан ер адам жазаланды

Үйлену тойында оқ атқан ер адам жазаланды
ашық дереккөзі
Алматы облысында үйлену тойында атыс шығарған ер адам жазаланды. Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Осылайша Алматы облысы Талғар аудандық соты 2021 жылдың 27 мамырында ер адам «Айсұлтан» мейрамханасында өткен іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, RETAY PT-24 белгі беретін тапаншасынан төрт оқ атқанын анықтады. «Маман қорытындысына сәйкес, RTAID-170900970 нөмірлі RETAY PT-24 тапаншасы атыс қаруы емес. Бірақ 9 миллиметр калибрлі белгі беретін тапанша саналады. Зерттеу кезінде мылтық ату үшін жарамды екені анықталды», деді соттың баспасөз қызметі өкілі. Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. «Жаза тағайындау кезінде сот ер адамның бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, жас баласы бар екенін ескерді. Соттың 2021 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 АЕК - 13 890 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», деді ведомство өкілі. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.