Қаулы арқылы байланысуды қою керек: Мәжіліс төрағасы министрдің жұмысын сынады

Қаулы арқылы байланысуды қою керек: Мәжіліс төрағасы министрдің жұмысын сынады

Қаулы арқылы байланысуды қою керек: Мәжіліс төрағасы министрдің жұмысын сынады
ашық дереккөзі
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды халыққа жақын болуға шақырды. «Министр мырза, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға шығу керек. Адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы байланысқанды қою керек. Ауруханаға, емханаға барыңыз. Әсіресе, аудандық медициналық ұйымдарды аралып шығыңыз, ондағы кезекте тұрған адамдарды тыңдаңыз. Менің ойымша, сол кезде медициналық көмек сапасы мен осы көрсеткішке қол жеткізу жайында қажетті мәлімет аласыз. Жалпы өз жұмысыңыз жайында халықтың пікірін естисіз», деді Н.Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында. Осы орайда Мәжіліс спикері аталған ведомствоны тиісті қадамдар жасауға шақырды. «Індетке байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне салмақ түсіп тұрғанын түсінеміз. Бірақ та біраз уақыт өтті ғой, жинақталу керек. Баспасөз мәслихаты өтетін Орталық коммуникациялар қызметінен бөлек, қарым-қатынасты жолға қойған дұрыс болады. Біздің сайлаушылармен байланыста болыңыздар», деді Н.Нығматулин.