Алматыда блогерді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Алматыда блогерді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Алматыда блогерді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда полиция блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жыққан күдіктілерді ұстады. Олар Іле ауданының 19 жастағы тұрғындары болып шықты. Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті деген күдіктілердің ұсталғаны туралы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Facebook-парақшасында жазды. «Шабуыл жасағандардың жеке басы бірден анықталды. Күні бойы жедел және арнайы шаралар кешені өткізілді, соның арқасында күдіктілердің екеуі де ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары. Екеуі де жұмыссыз, 2002 жылғы. Қазіргі уақытта заттай дәлелдеме ретінде жәбірленушінің ұялы телефоны өткізілген орын анықталып жатыр», - деп жазды Рүстем Әбдірахманов. Айта кетейік, бұған дейін блогер Валерий Кудрявцевтің Алматы театры алдында аясыз соққыға жығылғанын хабарлаған болатынбыз. Ол болған жағдайды Facebook-парақшасында жариялады.