Нұр-Сұлтанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Нұр-Сұлтанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Нұр-Сұлтанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 бойынша тұрақсыз жағдайға байланысты отбасылық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. «Эпидемиологиялық анамнезде науқастардың 47,3%-ы адам көп жиналатын орындарға (қоғамдық тамақтану нысандары, базарлар, сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары және т.б.) бірнеше рет барғанын атап өткен, науқастардың 0,8%-ы бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, кештер, еске алу, акциялар, ұтыс ойындары және т. б.) өткізуге қатысқан, ал 29,2%-ы үй жағдайында сақтық шараларын жасамағандықтан ауырып қалған. Коронавирус инфекциясы бойынша тұрақсыз жағдайға байланысты отбасылық, естелік іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, акцияларды, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) және т. б. қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады», – деді С.Бейсенова елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.