Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмен түсіп қалды

Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмен түсіп қалды

Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмен түсіп қалды
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде бір позицияға төмен сырғыды, – деп хабарлайды Sports.kz. Жартылай орта салмақта Елеусінов 8-орыннан 9-ға түсті. Айта кетейік, Данияр намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін өткен жылдың қарашасынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Аталған жеңіс қазақстандыққа IBF Inter-Continental-дің вакантты чемпиондық белдігін алып келді. Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы ресейлік Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болады деп күтілуде. Алайда ресейлік команда өзге кандидатураларды да қарастыруда.