Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
9 маусымда, сәрсенбі күні елімізде аптап ыстық болып, кей жерлерде жаңбыр немесе бұршақ жауады, жел күшейеді, – деп хабарлайды Қазгидромет. Синоптиктердің болжауынша, бүгін оңтүстік циклонның атмосфералық бөліктер әлі де Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Сондықтан найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жауады, дауылды жел соғып, оңтүстікте шаңды дауылға айналады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді, Түркістан облысында дауылды жел күндіз 26 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қауіпі өте жоғары.