ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушы Қазақстанда оқитынын айтты

ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушы Қазақстанда оқитынын айтты

ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушы Қазақстанда оқитынын айтты
ашық дереккөзі
Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған павлодарлық оқушы Данияр Уәлиев жоғарғы білімді Қазақстанда алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды 24.kz сайты. Тестілеуде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін павлодарлық түлекке Білім-инновация қоры соңғы үлгідегі ноутбук сыйға тартқан болатын. Сондай-ақ, Даниярға қазақстандық университеттердің бірі грант пен ректорлық шәкіртақы ұсынды.
«Сүлеймен Демирель атындағы университет грантын ұсынды. Инженер мамандығын меңгерсем деймін. Болашақта энергетика саласында жұмыс істегім келеді. Білім алып, өз ісінің шебері деген атаққа қол жеткізгім келеді. Осылайша, отбасым мен Отанымның игілігі үшін еңбек етуді жоспарлап отырмын», – дейді жас түлек Данияр Уәлиев.