Үлкен концерт өтеді: Нью-Йоркте пандемия тамызда аяқталады

Үлкен концерт өтеді: Нью-Йоркте пандемия тамызда аяқталады

Үлкен концерт өтеді: Нью-Йоркте пандемия тамызда аяқталады
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус пандемиясының нақты аяқталу күнін болжау қиын, дегенмен Нью-Йорк билігі тамыз айында аяқталады деп отыр. Дәл сол кезде мэр Билл де Блазио орталық саябақта мегаполистің қалыпты өмірге оралуына байланысты концерт өткізуді ұсынды, – деп жазды Reuters агенттігі. Вакцина алғандардың саны өсіп, вирус азайып келе жатыр. Соған байланысты Нью-Йорк билігі қалада жанды музыкамен іс-шара өткізуді ұйғарды. Іс-шара бір аптаға жалғасады деп күтілуде. «Бұл Нью-Йорк үшін таңғажайып, ұмытылмас апта болады», – деді қала әкімі баспасөз мәслихатында. Де Блазио концерттің нақты күнін, сондай-ақ онда өнер көрсететіндердің тізімін әлі жариялаған жоқ. Дегенмен New York Times бұл іс-шара 21 тамызда Орталық саябақта өткізіледі деп жоспарланғанын мәлімдеді. Барлық жұлдыз өнер көрсететін үлкен іс-шараны музыка индустриясының аты аңызға айналған майталманы Клайв Дэвис жүргізеді. Таймс концертте вакцина алған және вакцина алмаған көрермендерге де орын берілетінін және билеттердің шамамен 70%-ы вакцина алған музыка әуесқойларына сатылатынын айтты. Айта кету керек, көшелер, мейрамханалар мен саябақтарда қайта тіршілік лебі сезіледі. Covid-19 салдарынан ұзақ айлар бойы бәрі қаңырап қалған еді. Дүйсенбіде де Блазионың айтуынша, Нью-Йоркте пандемия басталғаннан бері ПТР тестілерінің ең төменгі деңгейі тіркелді - 0,71%. Қалада шамамен 4,5 миллион адам коронавирус вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо дүйсенбіде жеке баспасөз мәслихатында штат COVID-19-ға қатысты қалған шектеулердің көпшілігін алып тастайды деді. Бұл кезде тұрғындардың 70%-ы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алуы тиіс, бұл қазіргі деңгейден 1,4% -ға аз.