Елордада 37 мотоцикл өртеніп кетті

Елордада 37 мотоцикл өртеніп кетті

Елордада 37 мотоцикл өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Елордада мотоцикл сататын дүкеннен өрт шығып, 37 көлік жанып кетті. «8 маусым күні сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде орын алған өртті сөндіруге шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылған. «Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді», – дейді ТЖМ баспасөз қызметі.