Алматыда белгісіз адамдар блогерді соққыға жықты

Алматыда белгісіз адамдар блогерді соққыға жықты

Алматыда белгісіз адамдар блогерді соққыға жықты
ашық дереккөзі
Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті. Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді.  width= «Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтін болады», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.