Алматыда белгісіз адамдар блогерді соққыға жықты

Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті. Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді.

edd65fde 9921 4c7c b22e 6578b66e6475

«Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтін болады», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Back to top button