Жаңалықтар

Алматыда белгісіз адамдар блогерді соққыға жықты

ашық дереккөзі

Алматыда белгісіз адамдар блогерді соққыға жықты

Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті. Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді.