Польша құрамасы Еуропа чемпионатын шабуылшысыз өткізеді

Польша құрамасы Еуропа чемпионатын шабуылшысыз өткізеді

Польша құрамасы Еуропа чемпионатын шабуылшысыз өткізеді
ашық дереккөзі
Польша ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы Аркадиуш Милик Еуропа чемпионатына қатыса алмайды, – деп хабарлайды Польша футбол одағының сайты. Аркадиуш Милик турнир басталғанға дейін ауыр жарақатпен командаға келді. Екі апта ішінде олар толық күшіне ену үшін барлық бақылаудан өтті. Алайда оқу-жаттығулары шабуылшының әлі де ойынға жарамайтынын көрсетті. Олар Миликтің орнын басатын шабуылшы іздемеуге шешім шығарды. Пандемияға байланысты уақыты шегерілген «Еуро-2020» 11 маусым - 11 шілде аралығында 11 қалада өтеді. Ол – Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Копенгаген, Амстердам, Глазго, Будапешт және Севилья қаласы. Польша ұлттық құрамасы Швеция, Испания және Словакия құрамаларымен ойнайтын «Е» тобына енді.

 Әділет Мейрамбеков