Қазақ қызының өлімі: Мәскеу соты шенеуніктің ұлына қатысты үкім шығарды

Қазақ қызының өлімі: Мәскеу соты шенеуніктің ұлына қатысты үкім шығарды

Қазақ қызының өлімі: Мәскеу соты шенеуніктің ұлына қатысты үкім шығарды
ашық дереккөзі
Мәскеу соты Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовты ММХҚИ студенті қазақстандық Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтап шығарды, – деп хабарлады РИА Новости. «М.Меджидов алқабилер үкіміне сәйкес ақталды», – деді сотта. Марқұмның туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіріп алуға тырысқан. Бірақ сот олардың азаматтық талабын қабылдамады.
Бір күн бұрын Муртузали Меджидовты алқабилер қыздың өліміне кінәсі дәлелденбеді деп ақтаған болатын. Олардың үкімі негізінде сот үкім шығарды. Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды. Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.