Жаңалықтар

Жаңа оқу жылына оқулық алу кестесі өзгереді

ашық дереккөзі

Жаңа оқу жылына оқулық алу кестесі өзгереді

Білім және ғылым министірлігі мектептердегі оқулық таратудың бірыңғай тәсілін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды informburo.kz. Жазғы демалыс жаңа басталғанына қарамастан, оқушылар жаңа оқу жылына арналған оқулықтарды ала бастады. Мамыр айының соңында Республикалық педагогикалық кеңесте Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов 20 маусымға дейін балалардың оқулық алуын қамтамасыз етуді тапсырды. «Оқулықтар 20 маусымға дейін таратылуы керек. Бұл – қалыпты жұмыс, бірақ бірыңғай тәжірибе жоқ: біреу тамызда, біреу мамырда, біреу маусымда таратады. Балалар үйде алдын-ала  дайындалуға, осы әдебиеттерді оқып, қолдануға мүмкіндік алуы үшін жұмысты жүйелеу керек», – деді Білім және ғылым министірігі. Еліміздің барлық аймағындағы мектептер санитарлық-гигиеналық талаптарды ескеріп, оқулық тарату кестесін жасады.

Рахманова ЯНА 

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің студенті