Қазақтың тұңғыш кинооператоры кім?

Қазақтың тұңғыш кинооператоры кім?

Қазақтың тұңғыш кинооператоры кім?
ашық дереккөзі
Киноны режиссерсіз, тіпті актерсіз елестетсек те, кинооператорсыз елестету мүмкін емес. Әлем тарихында алғашқы операторлар негізінен фотографтар болған. Себебі камераның қыр-сырын меңгерген адамдар солар еді. Қазір кино – бұқараға кең тараған бірден-бір өнер. Әлемдегі тұңғыш ресми тіркелген фильм ағайынды Люмьерлердің "Пойыздың келуі" болса, қазақтың алғашқы фильмі – Амангелді. Ал қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор Ескендір Тынышбайұлы болған. Ескендір Тынышбайұлы Бүкілкеңестік кинематография институның операторлық факультетін бітірген. Қазақ киносы өркендеу жолына түсіп, шығыс кино тресі құрылғаннан-ақ табанды еңбек етткен кәсіби маман. 40 жыл бойы Қазақфильм киностудиясының жетекші операторы болды. Кинооператордың шығармашылығында отыздан астам деректі фильм, жиырмаға жуық телевизиялық фильм, он мыңнан астам "Советтік Қазақстан" киножурналының сюжеті бар.  width= Ескендір Тынышбайұлы түсірген фильмдер: Шоқан Уәлиханұлы туралы толық метражды «Оның уақыты келеді» көркем фильмі. Фильм Шоқанның 1858–1859 жылдардағы атақты Қашқарияға барған сапары турасында. Қауіпті саяхатқа бас тіге отырып, Қашқар халқының тарихы мен этнографиясын, мәдениетін қағаз бетіне түсірді. «Біз – Жетісуданбыз толықметражды көркем фильмі. Бұл соғыс кезіндегі үш солдаттың новелласы. Жолдары айырылып, қанды күрес мүддесінде қайта тоғысқан үш дос. «Бір түні» толық метражды көркем фильмі. Тың игерушілердің еңбекшілік өмірі. Адамдар арасындағы шын сезімдер. Адалдық, таза махаббат. «Ана мен бала» қысқа метражды көркем фильмі. Анасының рұқсатынсыз тың игеруге кеткен Гриша туралы. Жасына қарамастан еңбек еткен жас баланың бригадир болады. Баласын қайтарып әкетемін деген ана тың игерушілерге аспаз болып қалып қояды. Және «Даладағы қайыңдар»,  «Баянауыл», «Ермек Серкебаев ән шырқауда», «Құрманғазы», «Табыншы әйел», «Оның мамандығы – актер», «Біздікілерді біліп қой» сияқты туындылары көрермен көзайымына айналған.

Яна РАХМАНОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің студенті