Жаңалықтар

Қазақтың тұңғыш кинооператоры кім?

ашық дереккөзі

Қазақтың тұңғыш кинооператоры кім?

Киноны режиссерсіз, тіпті актерсіз елестетсек те, кинооператорсыз елестету мүмкін емес. Әлем тарихында алғашқы операторлар негізінен фотографтар болған. Себебі камераның қыр-сырын меңгерген адамдар солар еді. Қазір кино – бұқараға кең тараған бірден-бір өнер. Әлемдегі тұңғыш ресми тіркелген фильм ағайынды Люмьерлердің "Пойыздың келуі" болса, қазақтың алғашқы фильмі – Амангелді. Ал қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор Ескендір Тынышбайұлы болған. Ескендір Тынышбайұлы Бүкілкеңестік кинематография институның операторлық факультетін бітірген. Қазақ киносы өркендеу жолына түсіп, шығыс кино тресі құрылғаннан-ақ табанды еңбек етткен кәсіби маман. 40 жыл бойы Қазақфильм киностудиясының жетекші операторы болды. Кинооператордың шығармашылығында отыздан астам деректі фильм, жиырмаға жуық телевизиялық фильм, он мыңнан астам "Советтік Қазақстан" киножурналының сюжеті бар.