Заң бұзған 12 шетел азаматы елден шығарылды

Заң бұзған 12 шетел азаматы елден шығарылды

Заң бұзған 12 шетел азаматы елден шығарылды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында бір аптада 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Ақтөбе облысы аумағында республикалық «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Заңсыз көші-қонды тоқтату, шетел азаматтарының облыс аумағында заңсыз жұмыс істеуін жою мақсатында рейд ұйымдастырылды. «Қазақстан Республикасы аумағында болу ережесін бұзған 61 адам, оның ішінде 39 шетел азаматы анықталды. Шетелдіктерді қабылдау және шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзуға жол берген 22 азамат та әкімшілік жауапқа тартылды. Сот қаулысымен 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Оның біреуі Қытай азаматы», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.