Жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

Жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

Жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті
ашық дереккөзі
Пікірсайыс жастардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйретеді. Сонымен қатар кез-келген жағдайды, проблеманы әр түрлі жағынан талдауға және жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді. «Nur Otan» партиясының пікірсайыстан ауыспалы кубогы биыл 19 рет өтті. Шешендік пен ұтқыр ой сыналатын сайысқа еліміздің барлық аймағынан 40 команда қатысты.  Айта кетейік, биыл турнир Алматы қаласы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтті. Турнирдің негізгі ұйымдастырушысы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ. Сонымен қатар, турнирдің өтуіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Alpha academy» компаниясы қолдау көрсетті. Аталған компания әр қатысушыға сертификат табыстады.  width= Жасотандықтар, белсенділер, студенттер және дебат клубтарының өкілдері өзекті мәселелерді талқылап, өзекті мәселелерді шешу бойынша өз көзқарастарын ұсынды. Турнирде жастар «Әлемнің онлайн форматқа толық көшуі»,  «Барлық қазақстандықтарды міндетті түрде вакциналау», «Ел мектептерінде буллингтің алдын алу бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу» және т.б. тақырыптар бойынша жауап іздеді. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, пікірсайыс жастардың әлеуетін іске асыруға, жаңа көшбасшыларды тәрбиелеуге көмектеседі және қоғамның өзекті сұрақтарына жауап береді.
«Пікірсайыс арқылы жастар өз көзқарасын жеткізеді. Олардан болашақ саясаткерлер, мүмкін тіпті мемлекет басшылары қалыптасады, сондықтан оларды, жалпы пікірсайыс қозғалысын қолдау қажет.  Бізге «Jas Otan» ЖҚ ретінде жас белсенділеріміздің өзара пікір алмасуы аса маңызды», — деп атап өтті Нұржан Жетпісбаев.
Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында бірінші орынды Жамбыл облысы иемденді, екінші орын Ақтөбе облысының дебатерларына бұйырды, үшінші орын - Түркістан облысында.  width= Орыс лигасында бірінші орынды Қостанай облысының  командасы иеленді, екінші орынға Солтүстік Қазақстан облысы дебатерлері ие болды, үшінші орын Нұр-Сұлтан қаласында. Айта кетейік, жүлделі орындармен қатар үздік спикерлер мен үздік төреші анықталды. Орыс лигасында - Абулгазимов Арсен, қазақ лигасында - Нүркен Дәулет. Ал  Уканов Алихан және Оразғали Әсет турнирдің үздік төрешілері атанды.