Владимир Путин Асқар Маминді марапаттады

8 маусым, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Владимир Путин Асқар Маминді марапаттады Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресей Президентінің тиісті жарлығы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.
"Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер - министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен наградталсын",-делінген жарлықта.