Миллиардер Джефф Безос ғарышқа ұшпақ

Америкалық миллиардер Джефф Безос өз компаниясының әуе кемесімен ғарышқа ұшпақ, деп хабарлайды РБК.

Бизнесменмен бірге інісі де бортта болады. Джефф Безостың Blue Origin компаниясынан New Shepard ғарыш кемесінің ұшуы 20 шілдеге жоспарланған. Яғни Amazon-ның бас директоры қызметінен кеткеннен кейін 15 күн өткен соң.

Егер бәрі ойдағыдай болса, Джефф Безос өзінің компаниясы жасаған ғарыш кемесімен ғарышқа аттанған алғашқы миллиардер болады.

Back to top button