8 маусымда қандай елеулі оқиғалар болды?

8 маусымда қандай елеулі оқиғалар болды?

8 маусымда қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1992 жылы Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігі құрылды. 1998 жылы Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштерінің ашылу рәсімі болды. Ескерткіш авторы - мүсінші Мұрат Мансұров. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығын иеленді. 2005 жылы Қазақ Ұлттық университетінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының нұсқалары» атты кітаптың таныстырылымы болды. Бүгінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының 20-дан астам үлгісі бар. Бұл жинаққа жырдың ХІХ-ХХ ғасырларда Петерборда, Қазан мен Орынборда араб әліпбиімен терілген бірнеше нұсқалары енгізілген. Аталған кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, оқытушылар мен орта мектеп мұғалімдеріне арналған. Жинақты профессор Сұлтанғали Садырбаев дайындаған. 2011 жылы Тараз қаласының Абай даңғылы бойындағы скверде «Алғыс кітабы» символикалық атауы бар мүсіндік тұғыр орнатылды. 2012 жылы Таразда террорист М.Кариевті тоқтатып, қаза тапқан Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың бюсті ашылды. 2013 жылы Түркияның Қара теңіз жағалауындағы Самсун қаласында көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевты еске алуға арналған «ТҮРКІСОЙ Опера күндері» 16-шы фестивалі өтті. 2015 жылы Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан-Ресей ынтымақтастығындағы жоспарлардың дамуына, еуразиялық интеграциялық процестерді алға жылжытудағы екіжақты ықпалдастыққа қосқан өлшеусіз үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Александр Невский орденімен марапаттады. 2017 жылы Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Оның барысында ШЫҰ-ның қазіргі қызметі талқыланып, Үндістан мен Пәкістан Ұйымның толыққанды мүшесі болып қабылданды. Астанадағы саммиттен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағалығы Қазақстаннан Қытайға өтті. 2019 жылы Қытайдың Чунцинь қаласында Asian Grand Prix Series турнирінің екінші кезеңі өтті. Қазақстандық жеңіл атлеттер үш алтын медаль алды 100 метр қашықтыққа жүгіруде Ольга Сафронова мәре сызығын бірінші болып кесіп, чемпион атанды. Сонымен қатар 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин, 800 метрге жүгіруде Маргарита Мукашева бірінші орын иеленді.