- Оңтүстік және Солтүстік Америка;
- Еуропа;
- ТМД және Балтық елдері;
- Таяу Шығыс және Африка;
- Азия-Тынық мұхит аймағы елдері болып жіктелген
Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауын жариялады
Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауын жариялады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен бірлесе отырып, 6-шы рет өтетін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауын ашық деп жариялайды.
Біз 2014 жылдан бастап өз жұмыстарында қазақстандық болмыстың түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, анық және объективті баяндаған және өз материалдарын БАҚ-та жариялаған шетелдік авторларды іріктеп келеміз. Ұйымдастырушылар VI сайысты Қазақстанның егемендігінің 30 жылдығына арнау туралы шешім қабылдады.
Байқауға қатысуға 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы және «Бас редакторлар клубының» басшысы кіретін қазылар алқасы анықтайды.
Өтінімдерді 2021 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде contest@mfa.kz электронды поштасына жолдау қажет.