«Шағын дүкеннен үлкен компанияға дейін». Баһаргүл Төлегеннің «Қазақ қызымын» кітабы жарық көрді

«Шағын дүкеннен үлкен компанияға дейін». Баһаргүл Төлегеннің «Қазақ қызымын» кітабы жарық көрді

«Шағын дүкеннен үлкен компанияға дейін». Баһаргүл Төлегеннің «Қазақ қызымын» кітабы жарық көрді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында елімізде брендке айналған «Әдемі-Ай» сауда белгісінің негізін қалаушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасына енген, белгілі кәсіпкер әрі коллекционер-этнограф Баһаргүл Төлегеннің «Қазақ қызымын» кітабының таныстырылымы өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап жүрген тұлғалар, БАҚ өкілдері, өнер адамдары қатысты.  width= «Қазақ қызымын» кітабы жалпы оқырманға арналған мотивациялық эссе. Аталған кітапта кәсібін шағын дүкеннен бастап, Қазақстанның өңірлерінде филиалдарын өркендетіп, үлкен компанияға айналдырған кәсіпкердің жеке тәжірибесі, түйгендері мен білгендері, бизнес жолы қамтылған. Бұл қазақтың қыз-келіншіктері үшін, кәсіп бастауға ниетті кез келген оқырман үшін пайдалы туынды болмақ. Баһаргүл Төлеген кітабында өз кәсібін дөңгелеткісі келетін кез келген жанға бизнесте ненің маңызды екеніне жол сілтейді. Кәсіпкер үшін идеядан іске, істен тәжірибеге жедел өрлеу маңызды. Кітапта автор табысты кәсіпкер ретінде өзінің толайым тәжірибесімен бөлісіп, бизнестің қыр-сырымен таныстырады. Жалпы, қазіргі уақытта жеке кәсібін ашуға талаптанып жүрген отандастарымызға арналған ана тіліміздегі сауатты көмекші құралдар санаулы. Сол тұрғыдан, белгілі кәсіпкер Баһаргүл Төлеген осы тектес еңбектері арқылы бизнесті қазақшаландыруға да үлес қосып жүргенін айта кету керек.  width= Еңбек жалпы қыз-келіншектерге, кәсіпкерлікке, бизнеске қызығушылық танытқан барша оқырманға, қалың қауымға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Автор бизнес тақырыбын бүгінгі көзқарас тұрғысынан жіті саралаған, жете зерттеген. Қазіргі уақыттағы бизнестің жаңа құралдарын игерсем-білсем, зерделесем, тоқысам, үйренсем деген көзіқарақты кәсіп бастасам деген жұртшылыққа, әсіресе жастарға алар тәлім жетіп артылады. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Мың дана таралыммен жарық көрген аталған кітап көркем безендірілген. Кітап екі тараудан тұрады. Бірінші тарауында автор өзінің өмірбаянын, кәсіпті қалай бастағанын баяндап, жетістікке жетуінің құпиясымен бөліседі. Тәжірибелі кәсіпкер сондай-ақ, жаңадан кәсіп бастаймын деген оқырмандарға бизнестің қыр-сырын тәптіштеп, талдап, таразылап түсіндіреді. Бизнес адамына қажетті қасиеттер мен әдеттер, мінез-құлық пен білім көкжиегі туралы әңгімелейді. Пайда табудың, оған қоса шығынға ұшырамаудың алғышарттарын пысықтайды.  width= Ал, екінші тарауда Баһаргүл Төлегенқызы этнограф ретінде халқымыздың асыл мұрасы жауһар жәдігерлерді қалай жинағанын, оған қызығушылығының неден басталғанын баяндайды. Өзі өткізген көрмелердің маңызына тоқталады. Сондай-ақ, әшекей бұйымдар туралы кеңінен мәлімет беріп, жеке мұражайында көз тартып тұрған жәдігерлерді топтап таныстырады.