600-ден астам талапкер ҰБТ-дан шеттетілді
600-ден астам талапкер ҰБТ-дан шеттетілді
Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде 224 түлек тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кіруге әрекет жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тыйым салынған заттар қолданбақ болған 224 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды.
Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 563 талапкердің нәтижелері жойылды. Қазір 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек қазақ тілінде, 30 967 - орыс тілінде, 263 - ағылшын тілінде тестілеуден өтті", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, тоғыз түлектің қызуы көтерілді, сондықтан олар басқа күні Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді.