Ақтөбе облысында жаңбырдан кейін 50 қой-ешкіні союға тура келген
Ақтөбе облысында жаңбырдан кейін 50 қой-ешкіні союға тура келген
Ақтөбе облысы Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Шоқсу стансасында жаңбырдан соң қой-ешкі бауырын көтере алмай қалды. Ауыл тұрғындары ұсақ жандықты бауыздап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Шоқсу стансасында оқыс оқиға тіркелді. Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан қой-ешкінің бауырын көтере алмағанын көруге болады. Барлығы 15 ешкі мен 35 қой жауыннан соң тұра алмай қалды.
«Қойды қырыққан соң жайылымға жіберген. Сол кезде бұршақ аралас жаңбыр жауып, жел соққан. Ауыл тұрғындары жайылымға жіберген малын уақтылы бауыздап үлгерді. Сөйтіп өзара таратып алған. Ешкімнен шағым түспеді. Шығын емес, тек сойып алған»,- деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров.