Ғаламторда 1950 жылы COVID-19 пандемиясын «болжаған» бейнеролик таралып жатыр

Ғаламторда 1950 жылы COVID-19 пандемиясын «болжаған» бейнеролик таралып жатыр

Ғаламторда 1950 жылы COVID-19 пандемиясын «болжаған» бейнеролик таралып жатыр
ашық дереккөзі
Қазнет қолданушылары 1950 жылдары "түсірілген" , болашақты және Азиядан тарайтын пандемияны дәл «болжайтын» бейнероликпен бөлісіп жатыр. Автор видеода 2020 жылға қарай Азияда бүкіл әлемге тез таралатын қауіпті жаңа вирус табылады деп мәлімдейді.  Алайда бұл «болжам» жалған болып шықты. Үй роботтары мен әуе кемелері жайында айтылатын ескі бейнежазба өткен жылы халық арасында кең тарады. Видеодағы дауыс COVID-19 пандемиясын өте дәл сипаттайды, сондай-ақ, онымен қалай күресуге болатынын айтуға уәде береді. Бейнені RamsesThePigeon лақап атымен танымал YouTube қолданушысы Макс Патрик Шлингер өңдеп, 2020 жылдың ақпанында ғаламторға орналастырған. Видеоға жазған сипаттамасында автор барлық кадрды ескі фильмдерден және 50-ші жылдардағы жарнамалардан алғанын айтады. Кейінірек RamsesThePigeon видеоны тек ермек үшін өңдегенін айтты. Блогер интернеттегі архивтен ескі фильмдерді тауып алып, пандемияны алдын-ала болжап айтқан дауысты COVID-19 ауруы адамзатқа белгілі болған кезде 2020 жылдың ақпанында жазғанын растады.

Самал Асқар

ЕҰУ Журналистика және Саясаттану факультетінің 3-курс студенті