22 жылын құлдықта өткізген қазақстандық әйелге пәтер сыйға тартылды

22 жылын құлдықта өткізген қазақстандық әйелге пәтер сыйға тартылды

22 жылын құлдықта өткізген қазақстандық әйелге пәтер сыйға тартылды
ашық дереккөзі
22 жылын құлдықта өткізген үш баласы бар әйелге Теміртауда пәтер сыйға тартылды. Бұл туралы сюжетті  «Бесінші арна» түсірді. Мадина Аманбаеваны 16 жасында Қарағанды ​​облысының Шет ауданында орналасақан қашықтағы қыстауға алдап әкелген. Содан бері 22 жыл тұтқында болған азаматшаға әр түрлі зорлық-зомбылық көрсетіліп, ауыр еңбегі үшін бірде-бір рет еңбекақы төленбеген. Әйелді «Қайсар» қорының әлеуметтік белсенділері құтқарды. Белсенділер оны қыс кезінде кездейсоқ жолықтырады. Алдымен оны ер адам деп те ойлаған. Ал Мадина белсенділерден оны бұл жерден құтқаруды өтінеді. «Мені бұл жерден алып кетіңіздер, мен енді шыдай алмаймын. Мен шаршадым. Мен 22 жылдан бері сиыр сауудамын» деп ашынды Мадина. Оған қарау мүмкін емес еді, әйел әбден әбіржіген. Тіпті, полициядағы тергеу кезінде ол ақшаны санай алмады, өйткені ешқашан ақша ұстап көремеген», - деп еске алады Қайсар қоғамдық қорының төрағасы Оксана Тарабукина. Құлдықта әйел үш баланы дүниеге әкеледі, бірақ ферма иелері оларды тартып алған. Бүгінде қамқоршылық бөлімінің көмегімен балалар анасына қайтарылды. Айта кететіні, құл иеленушілерге қарсы қылмыстық іс осыған дейін бес рет жабылған екен. «Қорлағандарды жазалау үшін Президентке дейін жүгінеміз. Мадинаның құлдыққа түсуіне балалар үйінің қызметкері себеп болды. Балалар үйінің қызметкері оны ауылға алып келді», - дейді Тарабукина. Мадина Аманбаеваға демеушілердің ықпалымен екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. «Мен қуаныштымын, мүлдем күтпеген жағдай болды. Мен бәріне алғыс айтқым келеді, көп рахмет», - деді ол сөз сөзінде.

Самал Асқар

ЕҰУ Журналистика және Саясаттану факультетінің 3-курс студенті