Екі пойыз соқтығысып, 25 адам мерт болды

Екі пойыз соқтығысып, 25 адам мерт болды

Екі пойыз соқтығысып, 25 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Дүйсенбі күні Пәкістанның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан 25 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті полиция мен құтқару бригадасы мәлімдеді. The Associated Press агенттінің хабарлауынша, оқиға оңтүстік Синд провинциясының Готки қаласы маңында болған. Пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, кейіннен екінші жолаушылар пойызына соқтығысқан. Жергілікті тұрғындар, құтқарушылар мен полиция өкілдері қаза тапқандар мен жарақат алған жолаушыларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізуде. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақты хабарланған жоқ.