Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
Будапештте дзюдодан әлем чемпионатының финалдық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде бір күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлады Olympic.kz. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда ресейлік Яго Абуладзеден иппонмен жеңілді.
Кеше татамиге шыққан тағы бір балуанымыз Мағжан Шамшадин жарысты 5-орынмен аяқтады. Кіші финалда ол әзербайжандық Карамат Хусейновтан жеңілді.