Израильде жасөспірімдерді вакциналау басталды

Әлем елдерінің ресми мәліметтерін пайдаланатын америкалық Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сүйенсек, пандемия кезінде 173 миллионға жуық адам коронавируспен ауырған, 3,7 миллионнан астам адам қайтыс болды, 2 миллиардтан астам екпе жасалды, – деп жазды ВВС агенттігі.

Жексенбі күні Израильде 12-ден 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакциналау басталды. Израильде халықты вакциналау бағдарламасы әлемдегі ең жылдам бағдарламалардың бірі болды.

Қазіргі уақытта бұл елде бүкіл халықтың жартысына жуығы Pfizer немесе BioNTech вакцинасының екінші компонентін салдырып үлгерген.

ВВС агенттігі хабарлағандай, Израильде 16 жастан асқан адамдарды вакциналау кампаниясы сәтті өткеннен кейін коронавирусқа қатысты барлық шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар, індеттің таралу қарқыны өскен жоқ.

Back to top button