Еліміздің бес өңірінде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 маусым кұні Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларында метеоахуал – бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Back to top button