Еліміздің бес өңірінде ауа сапасы нашарлайды

7 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Еліміздің бес өңірінде ауа сапасы нашарлайды Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 маусым кұні Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Қазақстанның өзге қалаларында метеоахуал - бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.