Қанат Ислам АҚШ-қа қайта кетті

Қанат Ислам АҚШ-қа қайта кетті

Қанат Ислам АҚШ-қа қайта кетті
ашық дереккөзі
Орта салмақтағы Қазақстан боксшысы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Америкаға аттанып, жаттығуын бастады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Мамыр айында ол үйінде болып, отбасына уақыт бөлгісі келді. Алайда осы айда ол жаттығуларына қайта кіріспек. Қанатты жаңа бапкер жаттықтыра бастауы мүмкін, - дейді мәлімет көзі. Мұның алдында оның менеджері Нельсон Лопес екі жекпе-жек жоспарлап отырғандарын және біреуі маусым айында өтетінін айтқан болатын. 21-ақпан Майамиде өткен кейінгі жекпе-жегінде Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.