Қанат Ислам АҚШ-қа қайта кетті

Орта салмақтағы Қазақстан боксшысы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Америкаға аттанып, жаттығуын бастады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Мамыр айында ол үйінде болып, отбасына уақыт бөлгісі келді. Алайда осы айда ол жаттығуларына қайта кіріспек. Қанатты жаңа бапкер жаттықтыра бастауы мүмкін, – дейді мәлімет көзі.

Мұның алдында оның менеджері Нельсон Лопес екі жекпе-жек жоспарлап отырғандарын және біреуі маусым айында өтетінін айтқан болатын.

21-ақпан Майамиде өткен кейінгі жекпе-жегінде Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.

Back to top button