Күннен қорғайтын кремдер қатерлі ісік тудырады

Тәуелсіз Valisure зертханаcы күн сәулесінен қорғайтын 78 кремнен химиялық канцерогендік бензол тапты. Зерттеушілер АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігін қауіпті өнімдерді қайтарып алу туралы талап қойып отыр.

Ғалымдар 300-ге жуық күн қорғайтын кремді тексеріп, оның 27 пайызында қатерлі ісіктердің дамуына түрткі болатын бензол бар екенін анықтады. Бензолдың жоғары деңгейінің әсерінен адамдарда қатерлі ісіктер, соның ішінде лейкемия пайда болады.

Бензол – қарапайым хош иісті көмірсутектердің бірінен тұратын органикалық қосылыс. Сыртқы түрі түссіз сұйықтық болғанымен, ол табиғи түрде мұнай мен мұнай өнімдерінде кездеседі. Бұл химиялық зат кейбір пластмасса, резеңке, бояғыш заттар, жуғыш заттар, дәрі-дәрмектер мен пестицидтер өндірісінде қолданылады.

 

Back to top button