Димаш Құдайберген 10 жыл бұрын жазылған композицияның тынысын ашты (видео)

Димаш Құдайберген белгілі қазақ композиторы Ренат Гайсин жазған композициясын домбырамен орындады, деп хабарлайды DimashNews.

«River Of Love» трегі 2011 жылы жазылды. Ренат Гайсин АҚШ-тан Қазақстанға ұшып келе жатқанда, кенеттен ұшақтың иллюминаторы арқылы ұшы-қиырсыз өзенді көреді. Оған таң-тамаша болған композитор дәл сол уақытта оның ойында болашақ композицияның әуені пайда болады. Сосын ұшақта отырып ол ойындағы әуенді нотаға түсіреді.

«Мен үшін су әрқашан өмір мен шексіз махаббаттың қайнар көзі болды. Композицияны құрастыра отырып, оның әуені біздің халық аспабыдомбыра үшін өте қолайлы екенін түсіндім», – деп бөлісті Ренат Гайсин.

Автор оны танымал қазақстандық виртуоз домбырашы Асылбек Еңсеповке орындауды ұсынды. Содан кейін, студияда жазу барысында оған «Махаббат өзені» атауын беру туралы шешім қабылданды. Студияда трек жазып, музыканттар оны сол жылы жарыққа шығарды.

Он жылдан кейін композиция жаңаша әуенге ие болды. Барлығы дерлік кездейсоқ жағдай.

Бірде Ренат пен Димаш студияда жұмыс істеу барысында, кенеттен Димаш әрбір қазақстандыққа белгілі әуенді ойнай бастады.

Композитордың айтуынша, Димаш әуенге «жаңа тыныс» берді.

Бұл әуен оны шабыттандырғаны соншалық ол бірден жаңа түпнұсқа аранжировка жасауға кіріскен.

dk

Сол күні Димаш домбыра партиясын жазды, шығарма мүлдем жаңаша әрі стильді шырқалды. Сондайақ, ол өзінің қайталанбас вокализдерін қосты, бұл композицияға одан да көп эмоциялар берді. «River Of Love» енді Димаштың орындауында жаңаша шырқалатынына өте қуаныштымын», – деп түйіндеді автор.

Back to top button