Байқоңыр ғарыш айлағына жаңа басшы тағайындалды

Байқоңыр ғарыш айлағының директоры Валинур Агишев Восточный ғарыш айлағының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының (әрі қарай – ЖҒИНПО – 24.kz ред.) баспасөз қызметі хабарлады.

«ЖҒИНПО» АҚ Бас директоры Руслан Мұхамеджанов Байқоңыр және ғарыш айлақтарында жоспарлы тағайындаулар туралы бұйрыққа қол қойды. «Шығыс» ғарыш орталығы бөлімшесінің директоры қызметіне бұрын «Оңтүстік» ғарыш орталығы (Байқоңыр ғарыш айлағы) филиалының директоры қызметін атқарған Валинур Агишев тағайындалды» делінген хабарламада.

baykanur Байқоңырдың жаңа басшысы бұрын «Шығыстағы» жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор қызметін атқарған Сергей Мочалов болады.  Мочалов Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей Қарулы күштерінде қызмет еткен, ғарыш айлағындағы филиалда басшылық лауазымдарды атқарды. 2018 жылдан бастап Восточный ғарыш айлағында жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор болып жұмыс істеді.

Back to top button