Қарағанды облысында аса үлкен жүк көлігі жеңіл автокөлікті жаншып кетті

Шамасы алып жүк көлігі орнынан қозғалғанда оның жүргізушісі алдында тұрған жеңіл автокөлікті көрмей қалған болса керек. Оның жеңіл көлікті жаншып кеткен кезі жеңіл көлікке орнатылған бейнетіркеу камерасына жазылып қалған. Алып көліктің төніп келіп жеңіл көлікті басып, алдыңғы әйнегінің сынғаны камераға түсіп қалған.

Дегенмен аяқ астынан болған тосын жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Өйткені кжаншылған көліктің ішінде адам болмаған көрінеді. Бейнежазба Kaz.Tengrinews телеграм арнасында жарияланған.

Back to top button