Өзбекстанның жаңа сумында Қарақалпақстан ескерткіштері бейнеленген

Өзбекстан Республикасы Орталық банкі 2021 жылдың 14 маусымынан бастап құны 2 000 сум және 20 000 сум болатын жаңа ақша түрлерін айналымға шығармақшы.

Жаңа банкноттарда «Ұлы Жібек жолы» мен Өзбекстанның Бұқара шаһары және Қарақалпақстан республикасы тарихына қатысты суреттер пайдаланылған.

Қысқаша айтсақ: Өлшемі 142 х 69 мм 2000 сумдық банкноттың алдыңғы жағының оң жақ шетіндегі фонда «Ұлы Жібек жолы» керуен жолының символикалық белгісі ретінде түйе және су жолақты «2000» деген сан орналасқан. Арт жағындағы сол жақ шетінде біздің заманымыздан бұрынғы І ғасырда құрылған және біздің дәуіріміздің ІХ-Х ғасырларында қайта құрылған (ХVI ғасырда қазіргі қалпына келтірілген) «Бұқара қақпасының» көрінісі бейнеленген. Банкноттың түрі ашық қызыл. Банкноттың артқы жағында біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырлардағы Пойкендтің ежелгі керуен жолының қирандылары, яғни «Пойкенд археологиялық ескерткіші» бейнеленген. Оң жақ бөлігінде Бұхара облысының аумағындағы «Варахша» археологиялық ескерткіштерінен табылған VIII ғасырдағы қабырға суретінің бейнесі, сонымен қатар біздің дәуірімізге дейінгі III мыңжылдыққа жататын тұрмыстық ыдыстың суреті бар.

Ал өлшемі 147 х 69 мм 20 000 сумдық банкноттың алдыңғы жағының оң жақ шетінде «Ұлы Жібек жолы» керуен жолының символикалық белгісі ретінде су жолақпен түйе және «20000» деген саны берілген. Алдыңғы жағындағы солы жақ шетінде Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы біздің дәуірімізден бұрынғы IV ғасырда құрылып, ХХ ғасырда табылған «Қойқырылған қала» тарихи ескертіші бейнеленген. Ал банкноттың артқы жағында біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырда пайда болған және Сұлтан Увайс тауларының оңтүстік-шығыс баурайларының жоғарғы жағындағы  «Жамбасқала археологиялық ескерткішінен» табылған жәдігерлік – ыдыс бейнеленген. Банкноттың екі жағына да көк, күлгін және қоңыр түстер пайдаланылған.

Back to top button