«13-күн». Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда

«13-күн». Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда

«13-күн». Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда
ашық дереккөзі
Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сегізге бөлінген жұмысшы топтар "Сайрам-Өгем" паркіне қарасты тауда түнеп, шатқалдарды аралап жүргеніне 10 күннен асқан. Олар бүгінге дейін 800 шақырымға жуық аумақты жаяу тінтіген. Сондай-ақ, «Казавиақұтқару» АҚ тікұшақтары арқылы 5 670 шаршы метрді шолып шыққан.  width= Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаменті, Полиция департаменті, ҰҚК Шекара қызметі, Орман шарушылығының мамандары және Өзбекстан Республикасынан 112 қызметкер, 11 бірлік техника жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, 24 мамыр күні "Сайрам-Өгем" паркінің тауларына серуендеуге шыққан 7 азамат жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның үшеуін қиындықтан дін аман құтқарса, екеуінің денесін тапқан. Қалғаны іздестірілуде.  width=