Жаңалықтар

«13-күн». Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда

ашық дереккөзі

«13-күн». Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сегізге бөлінген жұмысшы топтар "Сайрам-Өгем" паркіне қарасты тауда түнеп, шатқалдарды аралап жүргеніне 10 күннен асқан. Олар бүгінге дейін 800 шақырымға жуық аумақты жаяу тінтіген. Сондай-ақ, «Казавиақұтқару» АҚ тікұшақтары арқылы 5 670 шаршы метрді шолып шыққан.