Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев Төле бидің зиратына барып зиярат етті

ашық дереккөзі

Мәулен Әшімбаев Төле бидің зиратына барып зиярат етті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанға сапары барысында Ташкенттегі Төле би бабамыздың кесенесіне арнайы барып, зиярат еткені туралы Instagam-дағы парақшасында жазды. «Кеше қасиетті жұма күні Өзбекстанға жасаған сапар аясында Төле би бабамыздың кесенесіне арнайы барып, зиярат еттік. Ташкент қаласында орналасқан бұл кешен шаһардағы көрікті жерлердің бірі саналады. Сондықтан мұнда Орталық Азиядан, оның ішінде Қазақстаннан және басқа да шет елдерден келетін туристердің қатары көп. Төле бидің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Әсіресе, хандық тұсында мемлекеттік істерге араласып, маңызды шешімдер қабылдауға белсене атсалысты. Жаугершілік заманда халықтың бірлігі мен елдің тұтастығын сақтауға үлкен үлес қосты. Дәстүрлі әдет-ғұрыптарымыз бен заңдарымыздың жинағы «Жеті Жарғының» жазылып, қабылдануына да зор еңбек сіңіргені тарихтан белгілі.