«Екі әйел тірідей жанып кетті»: Алматы облысында өртенген көліктің видеосы жарияланды (видео)

«Екі әйел тірідей жанып кетті»: Алматы облысында өртенген көліктің видеосы жарияланды (видео)

«Екі әйел тірідей жанып кетті»: Алматы облысында өртенген көліктің видеосы жарияланды (видео)
ашық дереккөзі
Алматы-Хоргос тас жолында болған қайғылы оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. 3 маусымда Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданында жолда келе жатқан автокөлік өртеніп, салонда болған екі әйел тірідей жанып кеткен еді. Аzattyq-ruhy.kz сайтының жазуынша, видеоролик артта келе жатқан көліктің видеотіркеуішіне жазылған. Бейнекадрлардан өрттің лезде үлкен жалынға айналғанын байқауға болады. Оттың тез шарпуынан салонда болған екі әйел сыртқа шығып үлгере алмады. Ал, жүргізушісі өзін құтқарып үлгерген. Оларға арттағы көліктің жүргізушісі көмекке келгенімен, оның өрт сөндіргіш баллоны отты өшіре алмады. «Қолымнан келгеннің бәрін істедім, бірақ көмектесе алмадым. Өте ыстық болды, кірпігім мен қасым күйіп қалды. Менің өрт сөндіргішім өте сапалы еді, бірақ оның шамасы жетпеді. Өкініштісі, жанымыздан бірнеше көлік өтті, ешбірі түсіп көмектескен жоқ», - деп жазды видеоның авторы. Оның айтуынша, куәгерлер көмектесудің орнына камераға түсіріп, қызықты тамашалаған. Еске салайық, аталған оқиға 3 маусым күні сағат кешкі алтылар шамасында Алматы-Хоргос тас жолының 82-шақырымында болды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)