Нұр-Сұлтан әлі «қызыл» аймақта

Нұр-Сұлтан әлі «қызыл» аймақта

Нұр-Сұлтан әлі «қызыл» аймақта
ашық дереккөзі
5 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасындағы ақпаратта еліміздегі бүгінгі күндегі эпидахуал төмендегідей: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы. ⠀ «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.⠀ «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр.