Нұр-Сұлтан әлі «қызыл» аймақта

5 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасындағы ақпаратта еліміздегі бүгінгі күндегі эпидахуал төмендегідей:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы. ⠀

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.⠀

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр.

Back to top button